Ақтөбе облыстық фтизиопульмонологиялық орталығында Денсаулық сақтаудағы сапа және аккредитация институты өкілдерінің қатысуымен сыртқы кешенді бағалау жүргізілді.
Ақтөбе облыстық фтизиопульмонологиялық орталығында Денсаулық сақтаудағы сапа және аккредитация институты өкілдерінің қатысуымен сыртқы кешенді бағалау жүргізілді. Бағалаудың негізгі мақсаты — Орталық қызметінің белгіленген сапа, қауіпсіздік және пациентке бағдарланған стандарттарға сәйкестігін растау.
Бағалау жұмысы Орталықтың қызметі мен жетістіктерін таныстырудан басталды. Бағалау барысында пациенттердің қауіпсіздігіне, күтім сапасына және бекітілген ережелер мен рәсімдердің орындалуына ерекше назар аударылды. Бұл мақсатта трейсерлер әдісі қолданылып, қызметкерлердің іс-әрекеті мен ішкі процестердің нақты уақыттағы орындалуы тексерілді.
Сарапшылар тексеру барысында келесі негізгі бағыттар бойынша кешенді жұмыс жүргізді:
- Басқару құжаттамасын талдау — медициналық қызметті ұйымдастыру мен бақылауға қатысты басшылықтың құжаттарын тексеру;
- Инфекциялық бақылау құжаттары мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталу хаттамалары;
- Ғимарат қауіпсіздігі мәселелері — өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер, еңбек қауіпсіздігі және қызметкерлер мен пациенттердің жалпы қауіпсіздігі бойынша трейсер жүргізілді;
- Инженерлік жүйелер — Орталықтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында баламалы электр қуаты мен сумен жабдықтау көздері тексерілді;
- Еңбек қорғау және қауіпсіздік құжаттары;
- Негізгі құрылымдық бөлімшелерге бару: реанимация, хирургия, пульмонология, лаборатория, диагностика блоктары, процедуралық кабинеттер, орталық стерилизациялық бөлімше (ЦСО), кір жуатын орын, медициналық қалдықтарды сақтау бөлмелері және басқа да маңызды нысандар;
- Медициналық көмек пен пациенттерге күтім сапасы — көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздік пен тиімділік стандарттарына сәйкестігін бағалау.
Жүргізілген кешенді бағалау нәтижесінде біздің Орталықтың медициналық қызмет сапасына, пациенттердің қауіпсіздігіне және қолайлы жағдай жасауға ерекше мән беретіндігі расталды. Біз заманауи стандарттарға сәйкес үздіксіз жетілдіруді жалғастырып, пациенттерге жоғары деңгейдегі медициналық көмекті қамтамасыз етуге ұмтыламыз.